22.05.2025, 15:20

«Харизма ұрып тұр»: Ән салған кішкентай қыз Қарақатты өнерімен тәнті етті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Ол қолына домбырасын алып, әншінің орындауындағы "Ақбұлақ" әнін орындаған.

Желіде танымал әнші Қарақаттың кішкентай қыздың өнеріне сүйсінген видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол қолына домбырасын алып, әншінің орындауындағы "Ақбұлақ" әнін орындаған. Сыңғырлаған дауысына риза болған өнер иесі бүлдіршінді бауырына басып, мейірімін танытты.

Желі қолданушылары кішкентай қыздың өнеріне таң қалып, оң бағасын берді.

"Харизма ұрып тұр ғой", жарайсың", "Тәтті қыз екен", "Қарақат өзі сияқтыларды жақсы көреді", "Бір-бірін тауыпты ғой", "Дауысы жақсы екен, жарайсың", - деп жазды.