23.05.2025, 12:40

«Атақ алғаным ұлдарыма керек»: Дастан Оразбеков мемлекеттік сыйлық алған әріптестеріне қатысты ой бөлісті

Фото: желіден алынды

"Менің атақ алғаным, үйдегі өсіп келе жатқан менің ұлдарыма маңызды шығар деп ойлаймын".

Танымал әнші Дастан Оразбеков “Халық әртісі”, “Еңбек сіңірген қайраткер” атағын алған әріптестеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бүгін.Live" бағдарламасына қонақ болып, сыр шертті.

"Менің атақ алғаным, үйдегі өсіп келе жатқан менің ұлдарыма маңызды шығар деп ойлаймын. Барлық әріптесіме құтты болсын дегім келеді. Қалай да болса әрқайсының жасаған еңбегі бар. Мен үшін қатты маңызды емес. Мен үшін басты атақ – халықтың ықыласы. Біреулер жасанды деп айтуы мүмкін, бірақ мен дәл осы ұстанымды ұстанамын. Егер халық қолдаса, халықтың сүйіспеншілігіне бөленсем, онда одан артық атақ жоқ. Мүмкін атамнан да дарыған шығар. Атам – Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Оған атақ берер кезде "келіп берсін" деген ғой. Келіп берсін, бермесе, бармаймын. Бірақ беріп қалатын шығар деген сенімдеміз. 27 жыл бойы елімізге еңбек сіңіріп келе жатқанымызға", – деді өнер иесі.