$ 510.84  579.7  6.39

«Өзіңмен бірге есейіп өстім»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы мектеп бітіруші түлек атанды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін толқынысқа толы ерекше күндердің бірі өтіп жатыр. Осыған орай әлеуметтік желіде актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен қызы Сезімге арналған анасының жүрекжарды жазбасын жариялап, көпшіліктің көңілін толқытты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жазбада актриса қызы екеуінің 11-сынып бойы басынан кешкен қиындықтар мен қуанышты сәттері жайлы бөлісіп, түлек үшін мектеп бітіру кезеңінің үлкен жетістік екенін атап өткен. Ол:

«Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне, жемісін теретін кезеңге жеттің. Қадамың оң болғай!» – деп жазды.

Жұлдыз Әбдікәрімова қызына деген сенімінің зор болғанын, осы уақыт ішінде өз өмірінде де өсіп, жетілгенін айтып, эмоциялық қолдау білдірген.

Жазбаның соңында ол барлық мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тілеп:

«Құрметті түлектер, ақ жол!» – деген ізгі тілегін жеткізді.

Бұл жазба қазіргі таңда түлектер мен ата-аналардың көңіл-күйін дөп басқан әсерлі жазбалардың біріне айналып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары