$ 510.81  578.59  6.51

«Анаң сияқты ибалы келін болсын»: Димаш Құдайбергенге 95 жастағы әжей хат жазды (ВИДЕО)

Өзің сұлусың, ақылдысың, дарындысың, тезірек үйлен. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергенге 95 жастағы әже хат жазды. Кейуана хатты қолымен жазып, ұлынан беріп жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“95 жастағы шешем де Димашты тыңдайды. Бүгін концертіне келдім. Шешем хат жазып жіберді. Не жазды дейсіз ғой, “Өзің сұлусың, ақылдысың, дарындысың, тезірек үйлен. Анаң Света сияқты ибалы келін болсын”, – деп жазылған хатта. Қазір соны Димаштың өзіне беремін”, – деді көрермен. Концертке келген көрермен “Әженің сөзі – бүкіл ұлттың аманаты сияқты” деп бағалады. 

Айта кетейік, Димаштың бейтаныс қызбен құшақтасып тұрған сәттің видеосы тараған еді. Қыздар жағы Димашты қызғанып қалғанын жасырмады.

"Димаш та кет әрі емес", "Ол қыздардың жұмысы ғой", "Олар да біз сияқты адам", "Қызғанудың қажеті жоқ, керісінше оған лайықты жар тілеу керек!", – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары