$ 510.81  578.59  6.51

«Бір-ақ пәннен «4-ке» шықты»: Мадина Сәдуақасова ұлының оқу жылын үздік аяқтамағанын айтты (ВИДЕО)

Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялады. 

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Танымал әнші Мадина Сәдуақасованың ұлы бастауыш мектепті аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялады. 

“Қош бол, құтты бастауыш”, – деді Әнуар. Шоқан Уәлиханов атындағы мектебін бітірдік. Енді алда үлкен сыныпқа қадам. Құттықтаймын, балам! Бір-ақ пәннен “4-ке” шықты, қалған сабақтарының бәрі – “5” Қалай ойлайсыз, қай пәннен “4-ке” шықты?!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің ұлына қолдау білдіріп жатыр. 

“Бір пәннен ғана ұсталғаны өкінішті”, “Мәселе бағада емес, бастағы білімде екенін түсіну керек”, “Құттықтаймын Әнуар! Жолың ашық болсын! Бағалар – ол жай ғана сандар. Бастысы елім дейтін ер бол”, “Математикадан жібермей қалды-ау”, “Қазіргі мектеп бағдарламасы оңай емес, сонда да жақсы нәтиже көрсете алғаны өзінің, ұстазы мен ата-анасының бірлесе жасаған жұмысының нәтижесі екені сөзсіз”, “Мадинаның баласы орысша сөйлейді, қазақ тілінен “4-ке” шыққан болар”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары