$ 511.67  582.38  6.53

«5-10 тиынның затын әкелген жоқпын»: Қарақат Әбілдина айтыскер ақын Сара Тоқтамысоваға ерекше сыйлық берді (ВИДЕО)

Өнер иесі 7 жылдан кейін айтыс сахнасына оралып, Қызылорда қаласында өткен жарыстан бас жүлде иеленген еді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Қарақат Әбілдина айтыскер ақын Сара Тоқтамысоваға шапан жапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі 7 жылдан кейін айтыс сахнасына оралып, Қызылорда қаласында өткен жарыстан бас жүлде иеленген еді.

“Сараның кезекті қатысатын айтысына киіп шығатын тақия мен камзол әкелдім. Өзі бидай өңді болғасын жарасады деп ойлаймын. Мені білесіздер, ерекше заттарды жақсы көремін. 5-10 теңгенің затын әкелгім келмеді. “Сараның сандығынан” көйлек сатып алып, сахнаға киіп шығасың. Айтысқа осы дизайнерлік киіммен шығвп, бас жүлде алуыңа тілектеспін. Сара – менің жүрегімнің төрінен орын алған жан”, – деп ықыласын білдірді Қарақат. 

Айтыс өкілі бас жүлдесін тойлатып, қыз-келіншектердің басын қосқан еді. 

“Айтыстағы жүлдеммен құттықтап әкелген сыйлығымды қараңыздаршы! Қандай әдемі! Сахнаға әдемілеп киіп шығамын, бұйырса”, – деді Сара. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары