$ 510.81  578.59  6.51

«Мынау не масқара»: Баян Алагөзова әкімдікке үндеу жасады (ФОТО)

Қараңыздаршы, қандай қауіпті ойық. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Алматы қаласындағы жолдардың сапасын айтып, Алматы әкімдігіне шағым айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Жұбанов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында түсірілген бейнежазбаны жариялады. Видеода Баян жолдың қақ ортасындағы үлкен шұңқырды көрсетеді. Тіпті бордюрдің өзі шұңқырға түсіп кеткен. Продюсер бұл жағдайға ашынып, өз ойын білдіреді.

«Таңғалдым... Жол жаман емес сияқты еді. Бірақ мынау не масқара? Қараңыздаршы, қандай қауіпті ойық. Түнде біреу осы жермен жүріп өтсе – дөңгелегі сынып қалуы мүмкін», – дейді ол.

Баян Алагөзова жергілікті билікті бұл мәселеге жедел назар аударып, қауіпті жерді дереу жөндеуге шақырды. Сонымен қатар, видео барысында ол Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзееваны да белгілеп өткен.

«Осы ауданның әкімдігіне үндеу жолдаймын – мына сұмдықты дереу қалпына келтіріңіздер», – деп түйіндеді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары