$ 511.77  593.19  6.41

«Махаббат ұлт таңдамайды»: Қарақат Әбілдина өзге елге ұзатылатын қазақ қыздарын сөз етті

Соңғы уақытта өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарын жиі байқап жүрмін.

Фото: instagram.com/karakat_a
Фото: instagram.com/karakat_a

Танымал әнші Қарақат Әбілдина өзге ұлтқа тұрмысқа шығатын қазақ қыздарына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі соңғы кезде өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қыздың қарасы көп екенін айтты. 

“Біраз қазақ қызын ұзатып жүрміз ғой. Соңғы уақытта өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарын жиі байқап жүрмін. Бастапқыда менің жүрегіме жеңіл тиген жоқ. Ұлтым, тілім, салт-дәстүрім мен үшін өте қымбат. Қыз – ұлттың айнасы. Оны кімге ұзатсақ та, ұлттың намысы мен рухын бірге ұзатамыз. Бірақ уақыт өте келе ойлана бастадым. Махаббат ұлт таңдамайды. Әр адамның өз бақыты бар. Әр қыз өз жүрегінің қалауымен, өз тағдыр жолымен жүреді. Дегенмен, менің ойымда бір сұрақ тұрып қалды: Бұл махаббат па? Әлде бақытын өз жерінен, өз елінен таппағаны ма?! Кейде қыздарымыздың қазақ жігіттеріне ренжуі, қорған таппауы оларды өзге жаққа бұрып жібереді ме деген ой келеді. Бұл біреуді кінәлау немесе тағдырын талқылау емес. Жай ғана мені ойландырған мәселе”, – деп жазды әнші. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 7
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары