«Түнгі Лондон», – деп жазды Димаш өз парақшасында.
Әнші Димаш Құдайбергенді тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал тұлға ретінде мойындайды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл сөзімізге Лондон көшелерінде түсірілген бейнежазба дәлел бола алады. Видеодан түн уақыты екені байқалады: көшеде халық сирек, дүкендердің шамдары сөнген. Соған қарамастан, бірнеше адам Димашты танып, онымен бірге суретке түсуді өтінеді. Әнші олардың өтінішін қуана орындады.
«Түнгі Лондон», – деп жазды Димаш өз парақшасында.
Жанкүйерлер үшін бұл оқиға күтпеген жағдай болмады. Олар пікірлерінде әншінің атағының кеңінен таралғанын айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, Димаштың Лондонға сапары мазмұнды әрі қарбалас өтті. Ол фан-кездесу ұйымдастырып, Лара Фабиан, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас және виолончельші Хаузермен бірге ән салды.