$ 512.44  593.15  6.52

«Бауырларымның тосынсыйы»: Сәкен Майғазиев ұлының тойындағы ерекше сәтті көрсетті (ВИДЕО)

Сәкен Майғазиев мұндай тосынсыйды күтпегенін жеткізді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойында әріптестері музыкалық тосынсый жасағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің қуанышында Ернар Айдар, Серік Ибрагимов, Ғазизхан Шекербеков және Әбдіжаппар Әлқожа «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» әнін бірге шырқаған.

Сәкен Майғазиев мұндай тосынсыйды күтпегенін жеткізді.

«Менің алтын бауырларымның сазды тосынсыйы ұнады ма?», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев өзінің орындауындағы «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» әнін жұбайы Динараға арнаған. Сөзін жазған – ақын Жарас Сәрсек, әнін жазған – сазгер Айгүл Бажанова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 59
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары