$ 519.55  596.03  6.63

«Көзіндегі отын сөндірді»: Кәмшат Жолдыбаева жүдеу жүзімен халықты алаңдатып қойды (ВИДЕО)

Кәмшат желіден жоғалған кезде оның күйеуі Ғазрет Тикток желісінде стримге кіріп, бейтаныс қыздармен әңгіме-дүкен құрып отырған видеосы тараған.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Күйеуге шыққан соң көпшілік көзінен жоғалған әнші Кәмшат Жолдыбаева желіде де, сахнада да көрінбей кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында ғана өнер иесі желідегі парақшасына видео жүктеді. Алайда жүзі жүдеген, әжім басқан, көзіндегі отының да сөнгені байқалады. Сондай-ақ, Кәмшат Жолдыбаева жақында ғана орамалын шешіп, халықтың алдына бұрыңғы қалпымен оралды. Ал Кәмшат желіден жоғалған кезде оның күйеуі Ғазрет Тикток желісінде стримге кіріп, бейтаныс қыздармен әңгіме-дүкен құрып отырған видеосы тараған.

Желі қолданушылары әншінің бұл күйіне алаңдаушылық білдіруде.

“Көзінде бұрынғы от жоқ, жанып тұрған қызды өшірді”, "Бетін әжім басып, қартайып кеткен бе", "Әбіржігені бала туғаннан ба екен", "Бұрынғы Кәмшатты көрмей тұрмын", - деп жазды.

Бұрын әр қадамы хитке айналатын Кәмшаттың үнсіздігі көпшілікті ойландырып қойғандай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары