18.06.2025, 18:40

«Мен психологияны зерттеймін деп қуып кеткен жоқпын»: Төреғали Төреәлінің қарындасы әпкесінің артын ашты

Фото: желіден алынды

"Мен өмірде қиын сәт болса, оны іште сақтаймын".

Төреғали Төреәлінің қарындастары Фариза Төреәлі мен Дина Төреәлі "мен ең болмағанда" трендін ойнап, өміріндегі сәттерімен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы Фариза Төреәлі «Мен жыл сайын бала тумаймын. Мен нан мен шұжықты шайға батырып жеген жоқпын» деп сіңлісімен әзілдессе, ал сіңлісі әпкесінің психологиямен айналысқаны туралы айтып қалды.

«Мен өмірде қиын сәт болса, оны іште сақтаймын. Мен психологияны зерттеймін деп арасында қуып кеткен жоқпын», — деді Дина Төреәлі.

Желі қолданушылары да Фариза Төреәлі "инфо сыған" деп айыптап жазуда.