Қайғы отбасы үшін ауыр соққы болған.
Блогер Айсәуле Бақытбек жақын адамынан айырылғаннан кейінгі жан күйзелісін бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айсәуленің жазбасына қарағанда, ол – үш баласының атасы, яғни жұбайының әкесі өмірден озған. Бұл қайғы отбасы үшін ауыр соққы болған.
«Сүйіктіме қарап, ішіндегі шексіз ауырсынуды көремін. Ал мен ештеңе істей алмаймын. Мұндай жараға таңу бола ма?.. Балаларыма қараймын – олар “әлемдегі ең көңілді әрі мейірімді досы” келетін шығар деп үмітпен күтіп отыр. Ал мен жүрегімді ауыртпай, оларға қалай шындықты жеткізсем екен деп жүз рет ойланып жүрмін…».