$ 518.34  607.18  6.62

«Ең сұлу қалыңдық»: Ақбота-Нұр тағы да тұрмысқа шығатынын айтты (ФОТО)

"Махаббаттарыңыз баянды болсын".

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі әнші, KeшYou тобының экс-солисі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақында тұрмысқа шығайын деп жүргенін айтып, желідегі оқырманын қызықтырып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір шетелде жүрген әнші Instagram желісінде жаңа фотосын жариялаған.

"Адамның ең шынайы сезімі – сөз айтпай-ақ, жаныңды жылытып жіберетін сәтте байқалады", - делінген фото сипаттамасында.

Кейін ол дәл осы жазбасын Stories-те бөліскен.

Ақбота Сейітмағамбет

"Алла жазса, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздың сөзі", - деп жазып қойған онда әнші.

Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырып жатыр. Кейбірі әншіге бақыт тілесе, кейбірі жазбаның астарын түсінбей оған сұрақ қойған.

"Ең сұлу қалыңдық - 2025?", "Махаббаттарыңыз баянды болсын", "Бақытты болыңыз", "Алла баянды бақ берсін, айналайын! Бағың ашылсын", - деп пікір қалдырған әншінің жанкүйерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары