Жас келін күйеуінің бірде мойынынан бірде белінен құшақтап тұрған.
Сәкен Майғазиевтің келіні күйеуін үлкендердің көзінше құшақтаймын деп сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіге тараған видеода үй ішіндегі әншінің отбасы мүшелері мен жақындарын байқауға болады. Олар дастархан басында жиналып жатыр. Сол жерде Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдия да бар. Жас келін күйеуінің бірде мойынынан бірде белінен құшақтап тұрған.
Мұны көрген көпшілік әншінің келіні сыпайырақ болғаны дұрыс еді деп жатыр.
«Қайын ағаңның алдында құшақтап тұру – әбестік. Достарымен жүргенде, болады», «мен ұялып қалдым, қайын ағасының көзінше ұят болды ғой», «жас келін сонша адамның көзінше асылғаны ұят болды», «жастар бақытты болсын, әлі жас қой, қатты сөкпеңіздер», «Сәкеннің ағасы тұр ғой, сол кісіден ұялмады ма екен, ең болмаса», «ел- жұрттың алдында бір-біріңе асылмай өздеріңді инабатты ұстаңдар», «әдебі жоқтың әлегі көп деген. Осыны енесі иә атасы ескертсе, кім жаман — ата- ене жаман болады», «ерсі қылық жасамашы қызым, әлі бәріне де үлгересің,Маңғыстау деген киелі мекенге тіл тигізбеші, әдепті, ибаны ұмытпа, бұлай тұруға болмайды, әлі бетің ашылған жоқ. Бақытты болыңдар», — деген пікірлер жазды желі қолданушылары.