"Баян апам естімесін".
Амилай лақап атымен танымал қазақстандық трансгендер тағы да желіні шулаттын, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол күндердің күнінде продюсер Баян Мақсатқызымен теңесетінін айтты.
"Естеріңде болсын. Бір күні мен Баян Есентаева сияқты боламын. Қазір мені қолдамайтын да, ұнатпайтын да шығарсыңдар. Бірақ болашақта маған тәнті боласыңдар", - деді ол.
Желі қолданушылары оның бұл айтқанына қарсы түрлі пікір жазды.
"Баян апам естімесін", "Өзіңмен өзің бол. Соның өзі жеткілікті", "Армандапсың", "Амилай болып жүре берші", - деп желі қолданушылары пікір жаудырды.