03.07.2025, 04:30

«Түн ішінде салют атып, елді шошытты»: Абай Бегейдің әйелі көршілерінің шырқын бұзған (ВИДЕО)

Фото: жеке парақшасынан

Әншінің жары туған күнін жақындарымен бірге қарсы алған. 

Эстрада жұлдызы Абай Бегейдің әйелі Фариза туған күнін дүркіретіп қарсы алды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің жары туған күнін жақындарымен бірге қарсы алған. 

"Бүгін дүние есігін ашқан күнім. Жаңа жасым берекемен келсін. Жақындарым жанымда менен асқан бақытты адам жоқ", - деп жазды ол. 

Осы тұста желіде Абай Бегейдің Ақтаудағы көршілері шағымдануда. 

"Туған күн құтты болсын! Бірақ түнгі 0:00-де қатты ән қойып, салют атуды қоясыздар ма? Балам шошығаннан бір сағат жылады. Дәл қасыңыздағы көршілеріңізбін", - деді желі қолданушысы.