Өнер иесі ұлдарының есімі Ғабдолла және Нұрмұхаммед Баянғалиев екенін жазды.
Танымал әнші, актер Нұрлан Әлімжанов әлеуметтік желіде екі ұлын көрсетіп, видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі ұлдарының есімі Ғабдолла және Нұрмұхаммед Баянғалиев. Сондай-ақ ол кенже ұлы биыл мектеп бітіріп, өнер жолын таңдағанын мәлім етті.
«Менің «Соңғы қоңырау» атты жаңа әнім жарыққа шықты. Бұл әнімнің сөзін әкем Баянғали Әлімжанов жазса, орындаған менің ұлым Нұрмұхамед Баянғалиев.
Айтпақшы Нұрмұхамед ұлым биыл мектеп бітірді және бұл оның кәсіби тұрғыда жазған алғашқы әні. Әке жолын қуып олда өнерге барам деп жатыр. Алла тілеуіңді берсін, құлыншағым», - деді әнші.