$ 519.57  612.78  6.61

«Күтпеген жерден»: Сәкен Майғазиев өзбек әнін орындап елді таң қалдырды (ВИДЕО)

Ол видеосын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жүктеді. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Сәкен Майғазиев Өзбекстанда досының тойында болып, өзбекше ән шырқады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші өзбек әнін Сәкеннің айтуын қалап микрофон тосқан. Алайда Сәкен бірінші рет естіп тұрса да әннің әуенінен жаңылмай, айнытпай айтып берген. Ол видеосын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жүктеді. 

"Өзбекстанда досымыз той жасап, қуанышына ортақтасып қайттық. Күтпеген жерден өмірімде бірінші рет естіп тұрған әнімді Отабек бауырым бірге шырқайық деп қолқа салды. Бұйыртса, келесі жолы жақсы орындап берем деп үміттенем", деп жазды өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары