Оның көрінбей кеткеніне 10 жыл болған.
Әнші Еркін Мәулен халыққа үндеу жасап, парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол өнерді сағынғанын, сахнаға оралғысы келетінін айтты. Алайда ол имиджін ауыстырған. Желі қолданушыларға бұл образы жақпай қалған сыңайлы.
"Шашты сақалға айырбастап алған ба", "Толып кетіпті", "Түрі өзгеріп кеткен", - деп жазды олар.
Өнер иесі арада тура 10 жыл өткенін айтты.
"2015 жылдары ән айтып жүріп осылай 10 жылға жоғалып кетемін деп мүлде ойламаппын. Осы онжылдықта Еркін Мәулен бизнеспен де айналысты, отбасын құрды, үйлі болды, машиналы болдық. Сол бір үзілістен кейін, өнерге қайтадан оралу ниетіміз бар. Өнерге өайтадан оралуым қатты сағындым, сахнаны қатты сағындым", - деп жазды ол.