Бір нәрседен айырылдым, бір нәрсе таптым.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталған вайнер Мейірхан Шернияязов екі жылға жуық уақытын колония-қоныста өткізіп, еркіндікке шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Әлеуметтік желіде ол түрмеден шыққан сәтін және отбасымен қауышқан видеосын жариялады. Бейнежазбада ер адам дауысы: — Он жыл уақытың кетті-ау, өкінбейсің бе, бауырым? — деп сұрайды.
“Жоқ. Бір нәрседен айырылдым, бір нәрсе таптым. Бұл өмірде бастысы — өзіңді жоғалтпау” — деп жауап береді екінші дауыс.
Еске салайық, вайнер 2022 жылы қамауға алынған. 2023 жылы оған және Мейіржан Төребаевқа қатысты сот үкімі шығып, екеуі де бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда олар жаза мерзімін қауіпсіздігі төмен колонияда өтеді деп белгіленді. Шерниязовтың бостандыққа шығуы туралы видео Instagram желісінде жарияланды.