$ 519.51  611.83  6.6

Әнші Мақпал Жүнісова зейнетке шықты

Бұл туралы әнші соңғы өткен концертінде сахнадан айтып, тыңдарманымен шын жүректен бөлісті.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Халық әртісі Мақпал Жүнісова ресми түрде зейнеткерлік жасқа жетіп, демалысқа шыққанын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qaz365.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы әнші соңғы өткен концертінде сахнадан айтып, тыңдарманымен шын жүректен бөлісті.

"Демалысқа шығатын кезіміз келіпті. Зейнет жасына жеттік. Бұл менің зейнеткер ретіндегі бірінші концертім", – деді ол сахнада ел алдына шығып.

Әнші залда отырған көрерменнің ыстық ықыласы мен ұзақ жылдар бойғы қолдауына алғысын білдіріп, зейнетке шыққаны өнерден қол үзу емес, керісінше жаңа тыныс, жаңа белес екенін меңзеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 42
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары