$ 519.51  611.83  6.6

«Вьетнамдық жанкүйерлері қазақ тілін үйреніп алған»: Димаштың анасы ерекше қуанышымен бөлісті (ВИДЕО)

"Біздің ана тілімізге, елімізге, Димаштың өнеріне деген құрметтеріңіз үшін өте ризамыз".

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Димаштың Вьетнамдық фанаттарына көп рахмет айтқым келеді. Әуежайдан бастап күтіп алып, концертте Димашқа үлкен қолдау көрсеткендеріңіз үшін, Димаштың бөлмесін ерекше гүл шоқтарымен безендіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Димаштың вьетнамдық фанаттары қазақ тілін де үйреніп алған, біздің ана тілімізге, елімізге, Димаштың өнеріне деген құрметтеріңіз үшін өте ризамыз",  – деді Света Айтбаева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары