Желіге жүктелгеніне бір сағат толмаса да аталмыш пост 60 мыңға жуық пікір жинап үлгерген.
Бірнеше жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген блогер Елдос "Колобок" гендер-пати жасады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз", - деп жазды ол.
Видео кадрларынан блогердің ұлды болатынын байқауға болады. Желіге жүктелгеіне бір сағат болмаса да аталмыш пост 60 мыңға жуық пікір жинап үлгерген.
"Алланың қалауы, үлкендердің батасы, дәрігерлердің біліктілігі, көптің қолдауы", деп тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да өз ойын жаза кеткен.