$ 519.58  609.36  6.63

«Ақыл сұрайтын адамды тауыпсың»: Айнұр Тұрсынбаева өзінен үлкен әйел алатын еркектер туралы айтты (ВИДЕО)

"Айнұрдың да күйеуі өзінен кіші ғой".

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Айнұр Тұрсынбаева өзінің Жылқышыбай Нұрсейіт берген сұхбатында өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шығатын қыздар туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Негізі біреуге баға беретін ешкім емеспін. Пікірім ретінде ғана айтайын. Қазақта "Құдай қосқан қосағым" деген керемет сөз бар. Алла қосқан адамдарға бірдеңе деп айтуға хақым жоқ. Мен үшін қосылған екі жастың жасы, атақ-абыройы емес, ең бастысы қаншалықты дұрыс отбасы бола алғандығы. Дұрыс отбасы болып, бақытты өмір сүре алса неге қолдамасқа? 12 жас үлкен Еркеге үйленген Райм адамзат тарихындағы алғашқы еркек емес қой. Пайғамбарымыз да өзінен 15 жас үлкен Хадиша анамызды алды. Біз оны даналыққа, Раймның әрекетін ұятсыздыққа балағанымыз дұрыстыққа жатпайды", - деп сөзін түйіндеді айтыскер-ақын. 

Желі қолданушылары, коуч әрі психологтың бұл сөздеріне қарсы шықты. 

"Бұл сұрақты қоятын адамды тауыпсың", "Айнұрдың да күйеуі өзінен кіші ғой", "Ақыл сұрайтын адамды тапқан екенсің", "Өзі неше рет байға шықты. Сұрайтын басқа адам жоқ па", - деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 9
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары