08.07.2025, 13:00

Төреғали Төреәлі өзінің продюсеріне кенже баласының тұсауын кестірді (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Бұл туралы продюсер өзінің желідегі парақшасына жүктеді. 

Танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің жеке продюсері Жан Мұқановқа алтыншы перзенті Төреахметтің тұсауын кестірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы продюсер өзінің желідегі парақшасына жүктеді. 

"Алланың қалауымен бүгін 6-ше кенже баламның тұсауын кестірмекпіз. Толқын екеуміз оны бірауыздан Жан мырзаға кестіреміз деп ниет қылған едік. Жағымпаздық бойымызда, қанішерлік қанымызда жоқ", - деді өнер иесі. 

Әншінің ұлы тұсау кесу рәсімі барысында микрофонды таңдады.