$ 520.93  609.07  6.68

«Секеңдемей балаларыңды жетістіріп ал»: Әншілікке бет бұрған Нұрсұлтан Жақсыген сынға қалды (ВИДЕО)

Әзілкеш тіпті бұл үшін өзінің имиджін өзгерткен. 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал блогер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген әншілікке бет бұрды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Нұрсұлтан алғашқы қадамын "Таңғы елес" атты әнге кавер жазудан бастаған. Соңғы кездері тойға шығып, ән айтып жүргенін де айтты. Әзілкеш тіпті бұл үшін өзінің имиджін өзгерткен. 

Нұрсұлтан Жақсыген биыл өзі үшін өте сәтті жыл болып жатқанын да хабарлады.

"Әлсіз адамдар сәтілікті күтеді, ал мықтылар оларды өздері жасайды. Бұл жыл сәттілікке толы болды Аллаға шүкір! Адам жас келген сайын қартаятын еді, ал мен жасарып бара жатқандаймын. Әйтпесе, 35-ке кетіп бара жатқанымды ешкімге айтпаңыздар", - деп жазды ол.

Ал оқырмандарға оның бұл әрекеті жақпай қалып, түрлі сыни пікірлерін жаудырды.

"Сен ән айтпай-ақ қойшы", "Әзілкеш болып жүре бересің-ау, түк дауысың жоқ", "Балаларыңды жетістіріп алсай, секеңдей бермей", - деп жазды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары