Оның сөзінше, өзіне қол жұмсап өлген адам тозақтық деген молдалардың сөзі — жалған.
Блогер Бақытбай Сабырбеков жеке өмірі туралы айтып, «Буткемпті» әкесі үшін жасап жүргенін жеткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, өзіне қол жұмсап өлген адам тозақтық деген молдалардың сөзі — жалған.
«Бір кездері әкеме үлкен ренішім барын білдім. Не үшін? Өйткені менің әкем өзіне қол жұмсаған. Әкем өлген соң, не істесем де, әкеммен о дүниеде жәннатта кездессем деп ойладым. Бір күні «өзіне қол жұмсағандар жәннатқа кірмейді» дегенді естідім.
Сол кезде «сенімен о дүниеде кездесуге неге ең болмаса, бір шанс қалдырмадың?» деп қатты ренжідім. Өмірдің мәні кетті. Мен «Буткемпті» әкеммен жәннатта кездесу үшін істейтінмін. Қаншама адамның алғысын алсам, жәннатқа кірем деп.
Алматыда өткен «Буткемпте» бір бала шығып: «Түсімде пайғамбарды көрдім. Пайғамбар маған айтты «Бақытбайға айт, оның әкесі — жәннаттық» деді. Бірақ мен мүлде сенбедім, себебі менің әкем жәннатта не істеп жүр, ол асылып қалған ғой деп ойладым.
Сол баланың келесі айтқан сөзі мені «сындырып тастады». Ол бала: «Менің Бақонтайыма айтшы, жасаған ісін жалғастыра берсін деп айтты», деді.
Мені «Бақонтай» дейтінін шешем екеумізден басқа ешкім білмейтін» деген блогер-коуч өз өзімізді шектемейік деді.