$ 532.74  617.23  6.77

«Мен мақтанып, айтқым келеді»: Ерке Есмахан күйеуінің туыстарына жасаған жақсылығын жария етті

Өнер иесі оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап берді.

фото: @erke_esmahan
фото: @erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раймның жақындарына жасайтын жақсылығын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап берді. Әншінің тыңдарманы жолдасының өте бай әулеттен шыққанының рас-өтірігін сұрады. 

“Күйеуімнің дәулетті екені рас. Бірақ көрсетпейді. Айтқызбайды. Мен мақтанып, айтқым келеді. Бірақ оған рұқсат етпейді. Жақындарына беріп жатқан сыйлығы көп. Бір-бір машина мінгізді. “Жұрт Райм тек әйеліне ғана береді демесін, туысқандарға бергендеріңді де көрсетейік” деймін. Ол көнбейді. Сондықтан, міне беріп жатырмын деген пост күтпей-ақ қойыңыздар! Бәрін Алла разылығы үшін істейді”, – деп жазды Ерке.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 62
Ұнамайды 19
Күлкілі 7
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары