19.07.2025, 04:30

«Жұмыртқа сатып жатырмыз»: Димаштың жасөспірім шағындағы видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Кадрлардан жас Димаштың Орал қаласының теміржол вокзалында жүрген сәтін көруге болады.

Әлеуметтік желіде әнші Димаш Құдайбергеннің жасөспірім кезіндегі видеосы тарады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан жас Димаштың Орал қаласының теміржол вокзалында жүрген сәтін көруге болады.

«Концерттен ақша табамыз деп келген едік. Бірақ жолымыз болмай қалып, мәжбүрлі түрде үйден қуырып алып келген жұмыртқамызды сатып жатырмыз», – дейді Димаш Құдайберген.