Бұл — менің шығармашылық жолымдағы жаңа белес, жаңа тыныс.
Сахнамен қоштасамын деген Төреғали Төреәлі жаңа жобаның тізгінін ұстады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
"TORE SHOW — менің жаңа авторлық тележобам! Бұл кеште бәрі болады: шынайы арнау, терең сұхбат, әсерлі әндер, ерекше сюрприздер.
Көрермендер саны — небәрі 150 адам. Ерекше атмосферада өтетін, тек қонақтарға арналған кеш", - деді ол.
Ұлы дала баласы тележобасының алғашқы шығарылымын өткізіп те үлгерген.
"Көзді ашып-жұмғанша — алғашқы TORE SHOW өтті. Бұл — менің шығармашылық жолымдағы жаңа белес, жаңа тыныс. TORE SHOW — арманнан туған ақиқат. Бірінші бағдарлама. Бірінші қонақ. Жүректің төрінен орын алған тұлға — Нұрлан Имам", - деп жазды ол.
Әншінің бұл бастамасын қолдағандардың қатары көп. Алайда өнерден кетемін деген сөзін есіне салып жатқан тыңдармандары да аз емес.
"Болды, бітті дегенің жай әңгіме болғаны ма?", "Не болды? Кеткеніңнен келгенің тез болды ғой", "Қайтып келген қыз жаман", деп жазысты олар.