Qanay қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде ән айтып, тыңдармандарды таңғалдырды.
“Kyzyk Times” бағдарламасының соңғы шығарылымында танымал әнші Qanay өзінің ерекше өнерін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші бірнеше тілді шебер меңгергенін дәлелдеп, түрлі халықтың әндерін орындады.
Бағдарлама жүргізушілерінің ұсынысымен Qanay қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде ән айтып, тыңдармандарды таңғалдырды.
Әншінің бұл өнері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, күлкіге қарық қылды. Себебі тіл білмесе де акцентпен тығырықтан шықтан.
Әлеуметтік желіде көрермендер:
“Qanay-дың даусы ғана емес, тілге деген қабілеті де мықты екен”, “Тіл білгеннің пайдасы осындай”, "Талант", - деп жылы пікірлерін жазуда.