"Әйтеуір бәрін тапсырып, жер қопарып тастағандай отырған жайым бар енді".
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет декретке шыққанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сілтеме жасап.
Ол декретке шығу үшін тиісті құжат жинау оңай шаруа емес екенін жасырмады.
"Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің, содан кейін өзіңе ай сайынғы жалақыны өтейсің, оған қоса әлеуметтік пакет пен салық тағы бар – бұл енді үйреншікті жайт. Ал жүктілік кезінде "уақытша жұмысқа жарамсыз" деген бір жапырақ қағазды алғашқы рет қолыма алып тұрмын", – деп жазды ол.
Актрисаның сөзінше, декреттік демалысты рәсімдеу кезінде түрлі құжаттар талап етіліп, оны алу үшін бірнеше мекемеге жүгінуге тура келген.
"Сан түрлі құжаттар талап етіледі және оларды "лупамен" қарап шығады. Сосын сұрақтың астына алады, бірнеше мекемеге жүгіртеді. Қысқасы, сол декретті алу үшін де дәлелдеп жүресің. Әйтеуір бәрін тапсырып, жер қопарып тастағандай отырған жайым бар енді", – деп әзілдеді актриса.