Айтуынша, крест формасындағы алқа таққаны үшін сынап, түрлі пікір білдіретіндер бар.
Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде оқырман жиі қоятын сұрақтарға жауа берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, крест формасындағы алқа таққаны үшін сынап, түрлі пікір білдіретіндер бар. Продюсер бұл оқырман ойлағандай белгі емес екенін айтты.
«Мойнымдағы бұл әшекейді он жылдан бері тағып жүрмін. Иә бұл - крест. Бірақ бұл сіз ойлағандай «крест» емес, мұнда қазақтың қанындағы белгі бар. «Төртеу түгел болса» дегенді білдіретін төрттік «крест» бұл. Бұл – қазақтың ерекшелігін білдіретін таңба», - дейді Баян Мақсатқызы.