25.07.2025, 04:30

«Шарап ішкенді ұнатамын»: Кәмшат Жолдыбаева ішімдікке көзқарасын айтты (ВИДЕО)

Фото: @kamshat__zholdybayeva

Ол "ішімдік ішесіз бе" деген оқырман сауалына жауап берген. 

Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева алкоголді сусындарға қалай қарайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол "ішімдік ішесіз бе" деген оқырман сауалына жауап берген. 

"Иә, осыдан біраз уақыт бұрын ішімдік іштім. Қазір әуестігім жоқ. Мен негізі арасында бір бокал шарап ішкенді ұнатамын", деп күліп жауап берді әнші. 

Желі қолданушылары әншінің бұл жауабына қатысты түрлі пікір жазды.

Айта кетейік, сахна мен клиптегі ашық образдары үшін талай рет сынға қалған Кәмшат Жолдыбаева бүгінде тұрмыста, бір баланың анасы. Әншінің таңдауы сериалдағы серіктесі, актер Ғазрет Қажымұқанұлына түскен.