Желі қолданушылары өнер иесінің жасарғанын байқап, тәнті болды.
Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Instagram парақшасына жаңа видеолар жариялап, жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Нұрғали Нүсіпжанов бұл жолы өзінің әйелі Жадыра Сейдешпен бірге фотосессия жасаған сәтін Instagram желісіндегі ресми парақшасына жариялады.
«Творчествалық процесс сан-саланы қамтиды. Халық перзенті болғаннан кейін тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету – ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым. «Сұңқар» фотостудиясының қыз жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әр түрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия жасады. Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотогроф қызым Айданаға «жүз жасаңдар, айналайындар» деген ақ жарма бата-тілегімді бердім, ақ маңдайларынан сүйдім», – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.
Нұрғали Нүсіпжанов биыл 88 жасқа толды. Ал оның қазіргі әйелі Жадыра Сейдеш өзінен 45 жасқа кіші.
Желі қолданушылары өнер иесінің жасарғанын байқап, тәнті болды.
"Жарасып тұрсыздар", "Ағамыздың жүзі нұрланып кетіпті", "Әлі 40 жастағы жігіттей", "Жадырасы жадыратып жіберіпті", - деп жазған.