25.07.2025, 13:40

«Жауапсыз қалдырды»: Танымал автор Қайрат Нұртас туралы сөз қозғады

Коллаж: sn.kz

"Бір минут та уақыты жоқ".

Танымал әнші Ильхан Ихсан әріптесі Қайрат Нұртасқа қалай ән бергенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Қайраттың орындауындағы “Сен менің адамымсың” әнінің авторы екен. 

“Маған бірден Қайрат хабарласқан жоқ. Құралай Анарбекова әпкеміз хабарласып, киносына саундтрек сұрады. Оған дейін киносының әнін Садраддин орындаған. Кезек маған келіпті. Ол кісі әнімді тыңдап, ұнатты. Содан қаламақыға қатысты сұраққа көштік. Сол кезде студьямыздағы ноутбук бұзылып тұрған еді. Құралай әпкеге ақша емес, ноутбук керек екенін айттым. Оның құны – 3 миллион теңге болатын. Бізге ақшасын беріп, оны Америкадан арнайы алдырдық. Қайрат Нұртас менің әнімді орындаса да, біз ешқашан жолыққан емеспін”, – деді Ильхан AIQAP подкастында. 

Әншінің сөзінше, әлі күнге дейін Қайрат Нұртаспен жолығуды күтіп жүрген көрінеді. 

“Бір күні таңертең ұйқыдан тұрсам, белгісіз нөмер хабарласады. Тұтқаны көтерсем, Қайрат Нұртас видеоқоңырау шалып тұр. Сол кезде сөйлестік. “Әнің керемет екен, хит болып жатыр, рақмет. Тағы да ән жазайық” деді. Одан кейін сөйлеспедік. Ән де жазылған жоқ. Осы күнге дейін жүзбе-жүз кездеспедік. Арнайы танысатын сәтті күтіп жүрмін. Өткенде концертіне қатысқым келді. Өзіне де жаздым. Жауапсыз қалдырды. Көмекшілеріне де шықтым. Бірақ тілдесу мүмкін емес. Қайрат ағамыздың жоспары бір жылға бекітіледі екен. Бір минут та уақыты жоқ”, – деді әнші.