Залда отырған көрермендер сүйікті әншісіне зор қолдау білдірді.
Әнші сахнаға шыққан сәтте белгісіз себептермен оркестр ұзақ уақыт бойы үнсіз қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алайда бұл жағдайға Димаш абыржымады. Ол кәсіби шеберлігінің арқасында музыканы күтпестен, әнді толықтай акапелла түрінде орындап шықты.
Залда отырған көрермендер сүйікті әншісіне зор қолдау білдірді.
Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, тыңдармандардың қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары әншінің кәсібилігіне тәнті болып, жылы пікірлерін жаудырып жатыр.
Кейбіреулер бұл оқиғаны Димашты әдейі ыңғайсыз жағдайға қалдыру үшін жасалған болуы мүмкін деп пайымдауда.
«Оркестр неге ойнамады? Алайда Димаш сасқан жоқ», «Димаш жарады. Сірә, солай ойластырылған секілді», «Димашқа оркестрдің керегі не? Барлық нотаны біледі», – деп жазып жатыр олар.