$ 541.45  631.17  6.78

«Байлығы жұғысты болсын»: Айнұр Тұрсынбаев киілген киімдері мен алтындарын сатып жатыр

Желі қолданушылары қолжетімді көйлектерді алып үлгермей жатқанын қызу талқылады. 

 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева гардеробын жаңартып, көйлектерін сатылымға шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жеке парақшасында киімдерінің көп екенін айтты. 

“Бір-екі рет киілген киімдерімді сатуға шығарамын. Тіпті, арасында киілмеген көйлектер де бар. Аяқ киімдер де толып жатыр. Егер 35-36 өлшемді кисеңіз, сатып алуға үлгеріңіз. Меккеден алған көйлектерімді де сатуға қойдым. Меккеге бару нәсіп етсін. Үйге киетін шапан көйлектерімді де көрсетілген парақшадан аласыз. Алтындарымды да тақпайтын болғасын сатуға шығардым. Бриллиант тастары болғасын 150-210 мың теңге арасында болады. Қыздар, сатып үлгермей жатыр”, – деп жазды Айнұр. 

Желі қолданушылары қолжетімді көйлектерді алып үлгермей жатқанын қызу талқылады. 

“Суға түспей күтіп отырмыз”, “5 минут сайын өтіп кетіп жатыр”, “Жұмыстың бәрін ысырып, парақшада көйлек күтіп отырмыз”, “Өте керемет мүмкіндік екен. Айнұрдың байлығы жұғысты болсын”, “Көріп үлгермей жатып, сатылып кетті”, “Тағы да көйлектер салыңызшы”, “Дым үлгермедік”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары