$ 543.24  619.89  6.78

«Ажырасамын, әйелім кетіп қалды»: Жахан Отарғалиев ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Депрессия мен стресте жүрмін".

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев жеке парақшасында жазбасымен жұртты алаңдатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі отбасындағы ажырасу мәселесін қозғады. 

“Ажырасам болды. Әйелім кетіп қалды. Анам екеуміз қалдық. Депрессия мен стресте жүрмін. Баламды әйелім алып кетті. Бәрінен шаршадым” деп бір бауырымыз хабарласады. 15 минут сөйлестік. Өздеріңіз білесіздер, менің өмірімде нендей жағдайлар болғанын. Білмейтіндеріңіз қаншама?! Мен психолог емеспін. Бірақ барынша кеңес беруге тырыстым. Көп уақыт өтпей әлгі жігіттен хабар алдым. Әйелі екіқабат екен. Ажыраспайтын болыпты. Дүниеге келетін ұлының атын Жахан қоямын дейді. Достар, бұйырса дүниеге тағы бір Жахан келеді. Менің бір сөзім бір адамның өмірінің өзгеруіне себеп болады деп ойламаппын. Бірақ жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді екен”, – деп жазды актер. 

Еске салайық, Жахан Отарғалиев әнші Балжан Бидаштан ажырасып, екі қызы бар әйелді алған еді. Жыл басында әзілкеш үшінші рет шаңырақ көтерген еді. Көп ұзамай жеке парақшасына видео жүктеп, екі қыз баланы ойнатып жүргенін көрсетті. 

“Мен тек баласы бар келіншек аламын. Алла сұрағанымды берді”, – деп жазды актер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары