$ 539.38  629.46  6.76

«Джей Ло қазақ камзолында»: Отандық кәсіпкер арманын орындады

Бұл ерекше сәт жайлы кәсіпкер 4 тамыз күні Instagram парақшасында бөлісті.

Фото: Instagram/dinmuhammed
Фото: Instagram/dinmuhammed

2025 жылдың 1 тамызында Астанаға гастрольдік сапармен келген америкалық жұлдыз Дженнифер Лопеске отандық кәсіпкер Дінмұхаммед Сыздықов ұлттық камзол сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл ерекше сәт жайлы кәсіпкер 4 тамыз күні Instagram парақшасында бөлісті.

Сыздықов Джей Ломен бірге түскен суретін жариялап, сыйлықтың авторына алғыс білдірді.

"Дженниферге камзол кигізіп, үлкен арманым орындалды. Бұл қолөнер туындысын әзірлеген дизайнер Эльмира Ибрагимоваға алғысым шексіз! Шын көңілмен жасалған камзол Джей Лоға өте ұнады," – деп жазды ол.

Айта кетейік, кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында өз кәсібін ерекше түрде сипаттаған.

"Мен атақты адамдарға шапан сыйлаймын", - деді кәсіпкер. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары