06.08.2025, 04:30

«Ұлымды ренжітпе!»: Танымал блогердің ата-енесі тойдың ортасында кетіп қалды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Желі қолданушылары аталмыш тойды талқыға салып түрлі пікір жазды. 

Танымал блогер Салтанат Аманқосованың ата-енесінің тойдағы әрекеті желіде талқыға түсті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екінші рет тұрмысқа шыққан блогердің атасы мен енесі тойға қатыспай кетіп қалды. 

"Біз енді тілегімізді айтқаннан кейін қайта береміз. Үлкендер жоқ, жастар өзі қалады. Тойды жақсы өткізіңдер", - деді қайын атасы. 

Ал блогердің енесі болса, келініне баласын аманаттады. 

"Балаларымызға денсаулық тілеймін. Келініміз бізге жақсы келін болсын. Ер-азаматты алға тартатын, артқа сүйрейтін әйел адам. Сондықтан Салтанат, менің баламды ренжітпей жақсы отбасы болыңдар", - деп енесі сөзін аяқтады. 

Желі қолданушылары аталмыш тойды талқыға салып түрлі пікір жазды. 

Тегтер: блогер Ақтау