$ 542.66  631.98  6.77

«Екінші Гүлзира болыпты»: Сәкен Майғазиевтің әйелінің әрекеті сынға қалды (ВИДЕО)

"Қазір қонақтарға, әкесіне шай-тамақ береміз".

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара жаңа түскен келіні екеуі қалай ас дайындайтындарын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол келіні Адияға жағаласып тамақ істемейтінін айта кетті. 

"Менің тамақ пісіргенімді көріп, келіні қайда екен деп сұрайтындар бар. Адия екінші асханада бауырсақ пісіріп жатыр. Бір-бірімізге жағаласпай жүрміз. Ол әр жақта өзі ыстық бауырсағын дайындап жатыр. Ал мен ыстық палау істеп тұрмын. Қазір қонақтарға, әкесіне шай-тамақ береміз", - деді ол. 

Осыдан кейін Динара Майғазиева алғаш келін болып түскенде қандай ыңғайсыз оқиғаға тап болғанын да айтып берді. 

Желі қолданушылары түрлі пікірін жаудырды. 

"Ішкен-жегенін көрсетіп, Қайраттың екінші анасы болыпты ғой", "Бөлек шығару керек бірр жылдан соң", "Тух, осындай енем жоқ", "Жылтыңдап бұл да шыға берді ғой", "Екінші Гүлзира болыпты", деді пікір білдірушілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 85
Күлкілі 5
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары