$ 537.96  630.27  6.73

Стадионды шулатқан сәт: Дженнифер Лопес қазақ жұбына гендер-пати жасап берді (ВИДЕО)

Концерт қызу өтіп жатқанда, жұлдызға ішінде УДЗ қорытындысы бар құпия конверт жеткізілді

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Алматыдағы Орталық стадион 10 тамызда тек концерт емес, нағыз тарих куәгеріне айналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес сахнада мыңдаған көрерменнің көзінше қазақ жұбына гендер-пати жасап, олардың болашақ сәбидінің жынысын өзі жариялады.

Концерт қызу өтіп жатқанда, жұлдызға ішінде УДЗ қорытындысы бар құпия конверт жеткізілді. Джей Ло оны ашып, бүкіл стадионға:

"Бұл қыз бала! Тамаша, дені сау, бақытты болып өссін!", — деп жар салды.

Әлеуметтік желілерде бұл сәт бірден хитке айналып, қолданушылар:

"Жұлдыздың өзі жариялаған соң, бұл қыздың тағдыры да ерекше болмақ", - деп жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 5
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары