13.08.2025, 17:20

«Менің бриллианттарым жай қиқым»: Ерке Есмахан өзін Роналдудың әйелімен салыстырды

Коллаж: sn.kz

Сондай-ақ әнші танымал футболшы Криштиану Роналдудың қалыңдығына сыйлаған гауһар тасты жүзігін көрсетті.

Танымал әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында қымбат әшекей-бұйымдарын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол аяғы ауыр кезінде түрлі-түсті тастары бар әшекейлерге қызыққанын жасырмады. 

"Ішің қандай болса, Алла сыртыңды да дәл солай жылтыратып қояды екен", - деді ол. 

Сондай-ақ әнші танымал футболшы Криштиану Роналдудың қалыңдығына сыйлаған гауһар тасты жүзігін көрсетті.

"Менің бриллианттарым жай қиқым ғой. Роналдудың екі күн бұрын әйеліне сыыйлаған сақинасы әлемді таңғалдырып жатыр", - деп жазды Ерке. 

Сөз соңында өнер иесі қазақ қыздары да барлық құрмет пен қошеметке лайық екенін жеткізді.