Билет құнына тек орын ғана кіреді, ал тамақ пен сусын үшін бөлек ақы төленеді.
Ресейдің атақты әншісі Филипп Киркоров Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өнер көрсетпек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кешке ең төменгі билет бағасы 52 500 теңгеден басталса, ең қымбат билет 1 470 000 теңге тұрады.
Бұл сома 8 адамдық үстелге арналған, яғни бір орын шамамен 210 мың теңгеге шығады. Айта кетейік, билет құнына тек орын ғана кіреді, ал тамақ пен сусын үшін бөлек ақы төленеді.
Концертке билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шыққан.