Қызу дайындыққа кірістім.
Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан жақын арада сахнаға қайта оралатынын айтып, жанкүйерлерін қуантып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бұйыртса декреттен кейінгі бірінші концертіме дайындалудамын. Ақтау! Айрақты тауы! Арғы күні кездескенше", деп жазды өнер иесі.
Әншінің тыңдармандары асыға күтетін айтып, жазбаның астына тілектерін жаудырған.
Айта кетейік, өнер иесі 12 маусым күні үшінші сәбиін босанған еді.