18.08.2025, 11:20

«Қолды-аяққа тұрмай кетті»: Қойшы бала тағы продюсерсіз қалды

Фото: Видеодан алынған кадр

Еске салайық, Айдос Кәден экс-продюсері Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне өкінетінін жасырмаған еді. 

“Қойшы бала” арқылы танымал болған әнші Айдос Кәден тағы да продюсермен жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі әнші Жігер Ауыпбаевтан да кетіп, Қанағат Меченбайдың продюсерлік орталығына барған еді. 

“Құрметті қазақ елі! Қойшы баламен не болды деп сұрап жатқандарға айтарым бар. Айдос енді өз бетінше жұмыс істейді. Қолды-аяққа тұрмай кетті. Қаншама тапсырыстарымыз қалды. Енді өзі жұмыс істеп көрсін. Мен Айдосты жіберейін деп тұрмын. “Қойшы баланың” продюсері емеспін. Ең бастысы, аман болсын! Адам болсын! Менің де жеке шығармашылық жолым бар. Сондай шешім қабылдадым”, – деп мәлімдеме жасады Қанағат Меченбай.