18.08.2025, 12:20

«Байынан кетіп, Нұрланға тиіп алған»: Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаева желіде жұртты шулатты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Қос өнер иесі достарымен қоштасып, қол ұстасқан күйі кетіп бара жатқанын байқауға болады.

Әнші әрі актер Нұрлан Әлімжанов пен өнердегі әріптесі Әйгерім Қалаубаеваға қатысты әлеуметтік желіде түрлі қауесет тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде кеуінің бірге жүрген сәттері жарияланды. Соңғы видеолардың бірінде қос өнер иесі достарымен қоштасып, қол ұстасып кетіп бара жатқаны анық байқалады.

Бұл көрініс жұртшылықтың назарын аударып, желі қолданушылары арасында сан түрлі пікір тудырды. Бір топ адам олардың қарым-қатынасына күмән келтірсе, енді бірі Нұрлан Әлімжановтың жеке өміріне қатысты болжамдар айтуда.

Әлеуметтік желіде қалдырылған пікірлердің бірінде:

«Екеуінің де отбасылары бар ғой», «Өздері себеп беріп отыр», «Бұл әйел байынан кетіп, Нұрланға қосылған. Сол үшін Нұрлан да отбасыдан ажырасты», «Егер отбасы бар болса, осылай қол ұстасып жүре ме?», «Жұрт көргенін айтады, екеуі тым жақын жүр» деген сынды жазбалар бар.