19.08.2025, 02:30

«Көзімді жіппен тіктірдім»: Алтынай Жорабаева блефаропластика жасап тұратынын мойындады

Фото: видеодан скриншот

Әнші сегіз жыл бұрын блефаропластика жасатқанын айтып, биыл тағы да сол процедураны қайталағанын көрсетті.

Танымал әнші Алтынай Жорабаева көз жанарын жасартуға арналған отаға жүгінгенін жасырмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші сегіз жыл бұрын блефаропластика жасатқанын айтып, биыл тағы да сол процедураны қайталағанын көрсетті.

"Екінші көзімді де аяқтадық. Бұрынғы жіпті алып, жаңасын салды. 2-3 күндей ісік болады, кейін басылады. Мүлде ауырмайды. Әңгімелесіп отырып-ақ жасап тастады. Көзімді жасатып алып, бірден жұмысқа кетіп барамын. Кесіп тастамайды, тек жіппен тігеді. Таңертең тұрғанда ғана ісік байқалады. Қыздар, қорықпай, әдемілетіп алуға болады", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әншінің күрт салмақ тастауы да көпшіліктің қызу талқысына түскен. Өнер иесінің айтуынша, ол ешқандай хирургиялық жолға жүгінбей, тек дұрыс тамақтану арқылы 35 келіден арылған.

"Тек диета арқылы арықтадым десем, сенбейтіндер көп. Кейбіреулер ойдан шығарып, мен жасамаған нәрселерді жасады деп жазады. Бұны көріп, шын таңғалдым", – деп жазды Алтынай.

Алайда желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді.

Бірі оның сөзін қолдаса, енді бірі сенбей, “Жамбастан ота жасатқан”, “Толық кезде аяғы ауыр екені байқалмайтын”, “Аш жүрсең, кез келген адам арықтайды”, “2 миллион теңгелік ота жасатқан сияқты” деген пікірлер қалдырды.